Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры Байжуманова Айман Токеновна 1968 жылғы 1 тамызда дүниеге келді.

1990 ж. - Жеңіл өнеркәсіп Мәскеу технологиялық институтының  Новосібір филиалын (1990 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2008) аяқтады.

17.10.1985 ж. - 13.06.1986 ж. - Семей облыстық мемлекеттік банкі, курьер, Семей қаласы

14.08.1990 ж. - 15.12.1991 ж. - Семей облыстық Терітон бірлестігі, инженер – программист, Семей қаласы

17.12.1991 ж. - 05.03.1992 ж. - Жаңасемей ауданының қаржы бөлімі, аға финансист, Семей қаласы

09.03.1992 ж. - 25.11.1992 ж.- Семей облыстық Терітон бірлестігі, инженер – экономист, Семей қаласы

12.01.1993 ж. - 26.08.1994 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданының әлеуметтік болжау бөлімінің маманы, Алғабас

02.05.1995 ж. - 09.12.2005 ж. - Семей қаласының Салық инспекциясы, салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, сектор бастығы, бөлім бастығы, Семей қаласы

09.06.2008 ж. - 20.05.2009 ж. - Семей қаласы бойынша Салық комитеті,  бөлім бастығы, Семей қаласы

25.06.2009 ж. - 13.07.2009 ж.- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаменті экономика және жоспарлау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы

13.07.2009 ж. - 01.10.2011 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаменті экономика және жоспарлау басқармасының  бас сарапшысы, Астана қаласы

01.10.2011 ж. - 28.11.2012 ж.- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаменті республикалық бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау  басқармасының  бас сарапшысы, Астана қаласы

28.11.2012 ж. - 19.08.2014 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаменті мемлекеттік активтер басқармасының  басшысы, Астана қаласы

2014 – 2015 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекеттік активтер және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының басшысы, Астана қаласы

2015 – 2016 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы

2017 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры лауазымына тағайындалды

 

Мемлекеттік сатып алу және активтер директорының орынбасары Рамазанова Жулдыз Мейрамовна 1977 жылғы 5 қаңтарда дүниеге келді

Қазақстан-Ресей университетін (1998 ж.), Құқықтану және халықаралық қатынастар қазақ институтын (2005 ж.) аяқтады.

1998 – 2000 жж. –«Павлодар облысының экономика департаменті» ММ-нің Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің бас маманы

2000 – 2006 жж. – «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның Қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы – бухгалтер

2008 – 2009 жж. – «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің Мониторинг және ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы

2009  – 2012 жж. – «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ішкі аудит бөлімінің бас маманы

2012 – 2015 жж. – «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі» ММ-нің Ішкі әкімшілік департаментінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы

2016 жылғы қаңтардан бастап – 2017 жылы - «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» ММ-нің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының басшысы

2017 жылғы 1 наурыздан бастап - «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» ММ-нің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы