You are here

Жаңалықтар

15.06.2017 г.

ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында "ҚР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

   Аталған заң жобасы бойынша келесі түзетулер ұсынылды: жарна төлеу мен есептеу нысандары мен мөлшерлемені өзгерту бөлігінде; салық төлеушілердің жаңа санатын енгізу;  мемлекет есебінен жарна төленетін тұлғалардың жаңа санатын енгізу. Медициналық сақтандыру қоры мен міндетті медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттармен қамтамасыз ету  жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері реттелуде",-деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

       Оның айтуынша, еліміздегі макроэкономикалық жағдайларға байланысты, сондай-ақ, жұмысшылардың жүктемесін азайту мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен мемлекет жарнасының мөлшерін азайту және жұмысшылардың жарнасының мөлшерін азайту, жеке кәсіпкерлердің жарнасының мөлшерін белгілеу, жеке кәсіпкерлер үшін екі төменгі жалақыға дейін есептеу нысанын өзгертеу ұсынылды. Медициналық сақтандыру қорыныңи төлеміне жататын МӘМС  -на мемлекет жарнасын мынадай мөлшерде бекіту ұсынылды: 2018 жылдың 1 қаңтарынан-3,75 пайызға; 2019 жылдың 1 қаңтарынан-4 пайызға. 2022 жылдың 1 қаңтарынан мемлекет жарнасының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен сәйкестендірілген қаржы жылында бекітілетін болады. МӘМС -ға жұмыс берушілердің аударымын төмендегіше ұсыныды: 2018 жылдың 1 қаңтарынан -1,5 пайызға; 2020 жылдың 1 қаңтарынан-2 пайызға, 2022 жылдың 1 қаңтарынан-3 пайызға. Министр xабарлағандай, мемлекет есебінен жарна төленетін тұлғалар санатына мыналар жатады: табыс көзі жоқ тұлғалар, 18жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтімінде отырғандар, табыс көзі жоқ оралмандар, орта және теxникалық және мамандандырылған орта білімнен кейінгі жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімін бітірушілер, сондай-ақ, жоғары білім беруден кейінгі. Қорға жарна төлеушілердің тізімі  белсенді емес тұрғындармен толықтырылатын болады, оның ішінде ҚР тұрғындарды жұмыспен қамту заңымен бекітілгендей дербес жұмыс жасаушылар, ҚР  -нан тыс алыс шетел асқан ҚР азаматтары, шетел асып тұрақты мекенжайға орналасқан азаматтарды қоспағанда. 

ҚР қолданысындағы заңнама әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде, білім саласында шетел азаматтарына қатысты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, ҚР шекарасында тұрақты тұрып жатқан азаматтарға, ҚР азаматтарына тең ережелер мен мүмкіндіктерді қарастырады.  Қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей МӘМС Мен ТМКМҚ алуда тең құқықты ұсынады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы