You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген мерзімге дейін ERG жұмыс беруші есебінен қызметкерлерді медициналық сақтандыруға қосымша төлемдер бөлуді сақтап қалады

Әлеуметтік жауапты компания ретінде Еуразиялық Топ (ERG) елде 2018 жылы жаппай енгізілетін міндетті медициналық сақтандыруға қосымша өзінің Қазақстандағы 61 мыңдық еңбек ұжымын жұмыс беруші есебінен 2018-2019 жылдары медициналық сақтандыруға қарастырған төлемдерін сақтап қалатынын хабарлайды. Жалпы алғанда аталған бастамаға Топ алдағы 2 жылда 9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр.

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау, олардың денсаулығына келетін қатерді төмендету мен алдын алу және кәсіби сырқаттарды алдын ала анықтау Топта тұрақты атқарылатын жұмыстың басым бағыттарының бірі.

Бұдан бөлек, аталған мерзім ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына бағытталар болжамды төлемдер көлемі шамамен 4,3 млрд теңге.

Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысында біз алғаш рет денсаулық сақтау саласының бюджетін экономикаға байланыстырып, оған барлық қатысушылар – мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшының тең дәрежедегі ынтымақтастығына сенім артып отырмыз.  Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың бұл әлемдік тәжірибесі дамыған елдерде медициналық көмек сапасын айтарлықтай арттырып, оны қолжетімді етуге септігін тигізді. Ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап біздің жұмыс берушілер медициналық сақтандыру Қорына алғаш төлемдерін өтей бастайды. Осылайша олар өз қызметкерлерінің МӘМС жүйесіне қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ERG сынды Қазақстан кәсіпорындарының бір бөлігі өздерінің әлеуметтік жауапты компания екендерін тағы бір дәлелдеп ерікті медициналық сақтандыруды да сақтап қалмақ.  Біз отандық индустрия көшбасшыларының лайықты бастамаларын қуана қолдаймыз. Өйткені кез келген кәсіпорынның ең негізгі капиталы – дені сау қызметкерлер. Сондықтан барлық ірі жұмыс берушілерді ERG-дің өнегесінен үлгі алуға шақырамын», – деп түйіндеді.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары есебінен жұмыс орындарында денсаулық сақтау, әлеуметтік маңызды сырқаттардың алдын алуға бағытталған төмендегідей кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді:

Еңбек жағдайын бақылау және қадағалау;

Иммундік алдын алу; Жыл сайынғы медициналық тексеріс;

Алғашқы жәрдем; Кәсіби сырқаттардың алдын алу.

Топ сауықтыру, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға барынша жағдай жасауға талпынады. Еуразиялық Топ кәсіпорындары әлеуметтік сала нысандары: емдеу-сауықтыру орталықтары, балшықпен емдеу орындары, спорт кешендері мен бассейндер, мәдениет үйлері мен демалыс орындарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Оларды ұстап тұруға соңғы бес жылда (2012-2016 ж.ж.) ERG 11,8 млрд. тенгеден астам қаражат жұмсаған.

ERG S.a.r.l. Менеджерлері Кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич: «Біздің басты басымдығымыз – қызметкерлеріміздің саламат-саулығы дегенді қайталап айтып келеміз. Сонау 2015 жылы біз қызметкерлерге бүкіл ел міндетті медициналық сақтандыруға көшкен кезде де Топ өтпелі кезеңде еңбек ұжымдарының денсаулығына қосымша көңіл бөліп, өзінің мойнына алған міндеттемелерін сақтап қалады деп сөз бергенбіз. Біз алдағы екі жылда медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда бейімделіп, толық қуатымен жұмыс істейтініне сенімдіміз» –  деді.  


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы