You are here

Жаңалықтар

10.08.2017 г.

Қазақстанда ҚазҰМУ жаңа «педиатрия» факультетінің алғашқы грант иегерлері анықталды

 

Бүгін білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық комиссияның қорытындысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантының «педиатрия» мамандығы бойынша алғашқы иегерлері анықталды. Барлығы осы факультетке абитуренттерден  900-ге жуық өтініш қабылданған.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да қайта ұйымдастырылған педиатриялық факультетке 150 грант бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың 2016 жылғы 8 қарашадағы  тапсырмасы бойынша ҚР медициналық ЖОО-да педиатриялық факультеттің ашылуына байланысты, «педиатрия» мамандығына қатысты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктемесіне өзгерістер енгізіліп, «педиатрия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленіп бекітілген. «Педиатрия» мамандығы бойынша білім беру қызметіне лицензияны ҚазҰМУ алды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің  базасында «педиатрия» мамандығы бойынша оқыту басталады. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы