zhakselekova

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы

Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы 1980 жылы 9 сәуірде Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келді.

1997 жылы № 4 Арқалық орта мектебін өте жақсы бітіріп, сол жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсті.

2001 жылы университетті «заңгер» мамандығы бойынша өте жақы бітіріп шықты.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік қызметке келіп, сол жерде 2013 жылғы қазан айына дейін мынадай лауазымдарда жұмыс атқарды: бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, заң департаменті директорының орынбасары, мемлекеттің мүліктік құқығын қорғау департаментінің бас сарапшысы, кадр қызметі департаментінің директор орынбасары.

2010 жылғы мамырдан бастап 2012 жылғы қыркүйек кезеңі аралығында Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды. 2012 жылғы қыркүйекте «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша Эксетер университетін өте жақсы оқып бітірді.

2013 жылғы қазанда республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ауыстырылып, сол жерде 2015 жылғы қарашаға дейін меңгерушiнiң орынбасары, Заң бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында жұмыс атқарды.

2015 жылғы қарашадан бастап «СК-Фармация» ЖШС-де қоғаммен байланыс және стратегиялық даму бөлімінің бастығы, басқарушы директор, стратегиялық анализ және халықаралық қатынас департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс атқарды. 

2017 жылғы 19 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Төрайымына тағайындалды.

zam_pr_komu_1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрайымының орынбасары

Шайхыбекова Г.Т. 1974 жылы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді. 1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақстың мемлекеттік басқару академиясының бизнес және менеджмент мамандығын бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылы Жетісай аудандық ауруханасында статист, экономист ретінде бастады. 1997 жылдың 3 шілдесіне дейін ОҚО Медициналық міндетті сақтандыру қорында жетекші маман, кейін 1998 жылдың 1 сәуіріне дейін бас маман, 1998 жылдың 1 қазанына дейін ОҚО Медициналық міндетті сақтандыру қоры қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, 1999 жылдың 17 ақпанына дейін ОҚО Медициналық міндетті сақтандыру қоры ЕПМ-де жоспарлау және есеп-қисапты ұйымдастыру секторының меңгерушісі,  2000 жылдың 21 наурызына дейін ОҚО Медициналық міндетті сақтандыру қорының бас маманы, 2001 жылдың 14 қыркүйегіне дейін «Денсаулық» РМКК ОҚО бойынша филиалының бас есепшісі, 2001 жылдың 8 қарашасына дейін ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы,  2003 жылдың 8 мамырына дейін бөлім бастығы, 2005 жылдың 11 мамырына дейін ОҚО бойынша қаржы департаментінің бас маман-бас экономисті, 2005 жылдың 12 шілдесіне дейін ҚР ДСМ Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасының бөлім бастығы, 2006 жылдың 15 ақпанына дейін басқарма бастығының орынбасары, 2007 жылдың 24 сәуіріне дейін ҚР ДСМ Экономика және қаржы департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бастығы, 2009 жылдың 20 сәуіріне дейін директор орынбасары, 2009 жылдың 24 қыркүйегіне дейін «ҚазТрансОйл» АҚ экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің директорының орынбасары, 2009 жылдың 23 қазанына дейін ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы, 2009 жылдың  23 желтоқсанына дейін жетекші маман, 2015 жылдың 24 маусымынан бастап ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының экономика сұрақтары жөніндегі орынбасары, 2015 жылдың 5 қазанына дейін Астана қаласында  ШЖҚ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының кеңесшісі, ШЖҚ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдың 31 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрайымының орынбасары қызметінде.

 

alimova

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрайымының орынбасары

Л.Б. Алимова 1964 жылы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Шымкент қаласындағы Мемлекеттік кәсіптік техникалық училищесінің оқу бөлімінің хатшысы, Шымкент қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының кардилогия бөлімшесінің интерн дәрігері, анестезиолог-реаниматолог дәрігері, терапевт дәрігері, Шымкент қаласындағы Жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының терапевт дәрігері, бөлімше меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық оңалту орталығының дәрігері, дәрігер-аға ординаторы, Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиология орталығында бас дәрігердің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаменті емдеу-профилактикалық қызметті үйлестіру және медициналық қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы, мамандандырылған медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директоры болып жұмыс істеген. 2017 жылғы 03 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрайымы орынбасарының м.а. лауазымына жұмысқа қабылданды. 2017 жылғы  тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрайымының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы