You are here

Жалпы қолдануға арналған ақпараттық жүйелер

 «Госпитализациялау бюросы» ақпараттық жүйесі

«Госпитализациялау бюросы» ақпараттық жүйесі https://bg.eisz.kz/ Қазақстан Республикасы аумағындағы жоспарлы емделушілерді госпитализациялау процесінің қатысушыларын мынадай ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған:

  • Стационарлардағы бос орындар туралы;
  • Жоспарлы госпитализациялауды күту парағында тұрған емделушілер туралы;
  • Стационарларға госпитализацияланған, немесе оларға госпитализациялаудан бас тарту тіркелген емделушілер туралы.

 «Госпитализациялау бюросы» ақпараттық жүйесі:

  • Науқастарды стационарға жоспарлы және шұғыл госпитализациялауды ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
  • Госпитализациялау (жоспарлы және шұғыл) процессінің мониторингін жүргізуге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республиккасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу комитетіне және жергілікті денсаулық сақтау органдарына ел аумағында жоспарлы емделушілерді гсопитализациялау процесінің қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды  қамтамасыз етуге  мүміндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс  Басқармасының Медициналық орталығының санаторийлер мен қонақ үйлер  порталы   

ehealth.kz  порталы   Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығы құрылымының бөлігі ретінде санаторийлер туралы халықтың хабардарлығын арттыру және қызметтерді онлайн режимінде броньдау  және төлеу мүмкіндігін беру  мақсатында құрылған.  Әр келуші көрсетілетін қызметтер туралы, жолдамалардың құны, орналастыру қағидалары және т.б.  туралы  толық ақпаратты ала алады. 

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады, оған сәйкес науқастарды емдеуге бағытталған жүйеден денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және аурулардың алдын  алуға негізделген жүйеге көшу дамытылады.

ҚР ПСБ Медициналық орталығының  өз санаторлық-курорттық ұйымдар жүйесі бар, оған 5 санаторий кіреді. Санаторийлер үш мемлекет аумағындағы басты курорттық аймақтарында орналасқан:  Қазақстанда Щучье-Бурабай курорттық аймақта, Алатау  бөктерінде  және Балқаш көлінде, Ресей Федерациясында   Кавказ  минералды суларында және Қырғызстанда Ыстық көл жағалауында.

Электрондық үкімет порталы  

Дәрігердің қабылдауына жазылу 

Дәрігерді үйге шақыру  

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу  

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы