You are here

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына инвестициялар» 2017 жылғы 30 қарашадағы форум

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылғы 30 қарашада Астана қаласында инвестициялық форумды өткізеді.

Форумның әріптестері Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Қазақстандық МЖӘ орталығы, Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы болып табылады.

Инвестициялық форум инфрақұрылымды дамытудың проблемаларына, мемлекет пен жекеше медицинаның ынтымақтастығының модельдерін іздеуге, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға арналған.

Министрлік денсаулық сақтау саласына инвестициялар мен жекешелендіру мәселелерін осындай үлгідегі тұжырымдамалық талқылауын алғашқы рет өткізуде. Форум сарапшылар деңгейінде осы мәселелерде мемлекеттік сектордың мүмкін стратегияларын талқылауға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына инвестициялардың ағымдағы жағдайының түсінігін қамтамасыз етеді және инвестициялауға дайын МЖӘ жобаларымен танысуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар

Форумда халықаралық қаржы ұйымдары, әлеуетті инвесторлар, медициналық бизнес, денсаулық сақтау саласына инвестициялар және МЖӘ саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар, негізгі министрліктер пен жергілікті атқарушы органдардың әкімшіліктері қатысады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы