Қош келдіңіздер!
31.08.2010
Алматы ќаласындаѓы
лы Отан соѓысы м‰гедектеріне арналѓан республикалыќ клиникалыќ госпиталінде госпиталь басшылыѓы ќоѓамдыќ ±йымдар µкілдерімен, Отан соѓысыныњ ардагерлері жєне м‰гедектерімен, интернационалист жауынгерлермен жєне Чернобыль ардагерлерімен кездесті. >>>
27.08.2010
Денсаулыќ саќтау министрлігінде Конституция к‰ніне орай салтанатты жиын µтті. Жииналысќа «Н±р Отан» ХДП Астана ќалалыќ филиалы тµраѓасыныњ бірінші орынбасары Ємірхан Рахымжанов, ќаланыњ ќоѓамдыќ ±йымдарыныњ µкілдері ќатысты. Іс-шараны Денсаулыќ саќтау министрі Жаќсылыќ Досќалиев ашты.>>>
26.08.2010
Алматы ќ Ќазаќ онкология жєне радиология ѓылыми-зерттеу институтында «Жатыр мойыныныњ ќатерлі ісігін инвазивті хирургия жолымен емдеу» атты республика онкогинекологтарыныњ екік‰ндік семинары µтті. Оѓан жапондыќ єріптестер – Гинекологиялыќ ќатерлі ісік халыќаралыќ ќоѓамыныњ президенті, Киото ќаласындаѓы (Жапония) ±лттыќ медициналыќ орталыќтыњ директоры, профессор Шинго Фуджи жєне Киото ќаласындаѓы (Жапония) ±лттыќ медициналыќ орталыќтыњ онкогинекология бµлімшесініњ мењгерушісі профессор Кентаро Шекияма ќатысты.
>>>
25.08.2010
лттыќ медициналыќ холдингте «Денсаулыќ» басымдылыѓы бойынша Жетінші Негіздемелік Баѓдарлама конкурстарына ќатысу ережелеріне ќазаќстандыќ ѓылыми ж±ртшылыќты оќыту жµніндегі екі к‰ндік семинардыњ ашылуына арналѓан баспасµз конференциясы µтті.
Баспасµз конференциясына «лттыќ медициналыќ холдинг» АЌ Басќарма тµраѓасы Елжан Біртанов, Еуроодаќтыњ Жетінші негіздемелік баѓдарламасыныњ Ќазаќстандаѓы лттыќ координаторы, In Ex CB?-Kz директоры Кємила Маѓзиева, Венгрия ѓылым жєне технологиялар ќорыныњ директоры Дора Гру ќатысты.
>>>
16.08.2010
Б‰гін ‡кімет отырысында Ќазаќстан Республикасыныњ Денсаулыќ саќтау министрі Жаќсылыќ Досќалиев Денсаулыќ саќтау саласын дамытудыњ «Салауатты Ќазаќстан» атты 2011-2015 жылдарѓа арналѓан мемлекеттік баѓдарламасы туралы баяндамасымен сµз сµйледі>>>
09.08.2010
25 желтоќсан 2009 жылы «Республикалыќ жєне аймаќтыќ госпитализациялау бюросын ќ±ру туралы» б±йрыќќа ќол ќойылды. Ол Ќазаќстан Республикасыныњ Денсаулыќ саќтау министрлігініњ «Республикалыќ аќпараттыќ-аналитикалыќ орталыќ» шаруашылыќ ж‰ргізу ќ±ќыѓында Республикалыќ мемлекеттік кєсіпорын жанында ќ±рылды. Госпитализациялау бюросы емхана мен стационардыњ арасындаѓы делдалы болды.>>>
20.07.2010
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың қатысуымен «Денсаулық сақтау ұйымдарында В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» баспасөз конференциясы өтті. >>>
18.07.2010
Бүгін казақстандық-германдық бизнес-форум шеңберінде Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Канцлері А. Меркельдің Қазақстанға ресми іс-сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Федералдық денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы әріптестік шеңберіндегі іс-әрекет бағдарламасына қол қою өтті. >>>
09.07.2010
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің «2010 жылдың І-жартыжылдығы бойынша Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындылары туралы» республикалық кеңес өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысты. >>>
03.07.2010
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің PFI/PPP Жапон қауымдастығының президенті Казуо Уедамен кездесуі өтті. >>>
01.07.2010
ҚР Президентінің Жолдауын орындау аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми медициналық орталығында зертхана мен FDA (АҚШ) сертификаттаған жасуша технологиясы саласындағы «Дің жасушаларының қоры» қазақстан-америкалық бірлескен жобаның ашылу шарасы өтті. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры Абай Байгенжин және «Stemedica Сэлл Техн., Инк.» америкалық компаниясының төрағасы Мейнард Хоуд қатысты. >>>
29.06.2010
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау саласын 2011–2015 жылдарда дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы көлемінде профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, диагностиканы жетілдіру, негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды емдеу және оңалту туралы тақырыпта ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Қуаныш Нұрғазиевтың қатысуымен брифинг өтті. >>>
25.06.2010
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің төрағалық етуімен Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.Күн тәртібінде Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, жетістіктер мен проблемалар қаралды
>>>
23.06.2010
Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігі делегациясының Астана қаласына ресми сапары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрі Абдалла Бен Абдель Азиза аль-Рабиамен кездесуі өтті.
>>>
22.06.2010
Бүгін ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төраға орынбасары Н.Е.Бейсеннің қатысуымен Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ары қарай дамуы туралы» баспасөз брифингі өтті. >>>
21.06.2010
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ағымдағы жылғы маусымның 19-20 аралығында Павлодар облысының Ақсу ауданының Қаракөл және Ребровка ауылдарында «күйдіргі» деген диагнозбен 5 науқас тіркелгендігін хабарлайды. >>>
17.06.2010
Бүгін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты кеш өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, қоғамның, республиканың медицина ұйымдарының өкілдері қатысты. >>>
15.06.2010
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Н.Қ. Хамзинаның қатысуымен «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде медициналық және фармацевтикалық білім беруді одан әрі жетілдіру туралы» баспасөз брифингі өтті.>>>
08.06.2010
Б‰гін ЌР Денсаулыќ саќтау министрлігінде ЌР ДСМ Медициналыќ жєне фармацевтикалыќ ќызметті баќылау комитеті тµраѓасыныњ орынбасары Л.Ю.Пактіњ ќатысуымен Денсаулыќ саќтау саласын дамытудыњ «Салауатты Ќазаќстан» атты 2011-2015 жылдарѓа арналѓан мемлекеттік баѓдарламасыныњ шењберінде «Халыќќа арналѓан дєрі-дєрмектіњ ќол жетімділігі мен сапасын арттыру туралы» баспасµз брифингі µтті.>>>
05.06.2010
Бүгін Шымкент қаласында Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау бойынша өңірлік кеңес өтті. Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов қатысты. Сондай-ақ кеңес жұмысына Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары, медицина ұйымдарының басшылары, республиканың үкіметтік емес ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын ұсынды. >>>
31.05.2010
Бүгін ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың қатысуымен Денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» атты 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы» мәселелері талқылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Сондай-ақ кеңес жұмысына мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, республика өңірлерінің, облыс денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
>>>
26.05.2010
Еуропа Одағының «Орталық Азия Инвест» бағдарламасының қолдауымен «Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда тұрақты серіктестік қарым-қатынасты құру: денсаулық сақтау секторында Орта және Орталық Азия елдердегі делдал ұйымдардың ролін нығайту» жобасының шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен «Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы медициналық технологиялардың мәні: тәжірибе, перспективалар және проблемалар» атты Денсаулық сақтау форумы өтті.
Форумды ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, ГФР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шлагетер Райнер, ГФР Денсаулық сақтау вице-министрі Штефан Капферер және Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілі Норберт Жустен құттықтау сөзбен ашты.
>>>
21.05.2010
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, онкологиялық қан және вирусты гепатит ауруымен сырқат адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ қан қызметін ресурстық қамтамасыз ету бойынша 2010 жылға бекітілген Кешендік іс-шаралар жоспары шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, Астана қаласының ғылым және тәжірибе өкілдерінің, швейцариялық Хоффман Ля Рош фармацевтикалық компаниясы өкілдерінің қатысуымен «Вирусты гепатиттің диагностикасы және емі. Германия тәжірибесі» атты жұмысшы кеңесін өткізді. >>>
21.05.2010
Бүгін Павлодар қаласында Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау бойынша өңірлік кеңес өтті. Кеңеске ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Павлодар облысының әкімі Бахытжан Әбдірұлы Сағынтаев және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын ұсынды. >>>
17.05.2010
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың қатысуымен «Тәжікстанда полиомелиттің пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту және қолданылып жатқан шаралар туралы» баспасөз конференциясы өтті.>>>
12.05.2010
Бүгін Алматы қаласында Ұлттық Медициналық Қауымдастықтың Бас Ассамблеясының жұмысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы баяндама жасады.>>>
12.05.2010
Бүгін Алматы қаласында Халықаралық медициналық бике күніне арналған және Ұлы Жеңістің 65- жылдығына орай республиканың орта буындағы медицина қызметкерлерінің II Съезі өтті. Съезге халықаралық ұйымдардың өкілдері, республиканың орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері, Қазақстан мен алыс және таяу шет елдерінің жетекші ғалымдары, медициналық ұйымдар мен колледждерінің басшылары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері қатысты. Бұл жиында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жұртшылықты құттықтап, тілегін білдірді.
>>>
11.05.2010
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мынадай ақпарат береді.
Дүние жүзінде полиомелитпен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту мақсатында ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Мемлекеттік Бас санитариялық дәрігері Кеңес Оспанов «Қазақстан Республикасының аумағында полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды.
>>>
07.05.2010
Ұлы Жеңістің 65-жылдығы қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу салтанатын өткізді. Мереке қонақтары - Жамбыл облысынан Қазақстан Астанасына келген Ұлы Отан соғысы ардагерлері болды. Оларды Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жылы қарсы алды.>>>
04.05.2010
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылдан бастап Қазақстанды полиомиелит ауруы таралмаған аумақ деп жариялағаны туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Қазақстанда полиомиелит бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, балаларды иммундаумен қамту 2009 жылы 98,6%-ды құрады. >>>